Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«КСЭ Қазақстан» компаниясы Сіздің жөнелтілімдеріңізді жеткізуге бізге тапсыра отырып, бізге көрсеткен сеніміңіз үшін өзінің құрметін және алғысын білдіреді.
Сізге 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап жеткізу қызметтерінің тарифтері өзгеретінін хабарлаймыз (тарифтер сілтеме бойынша көрсетілген)
Қызметтердің құны қолданыстағы тарифтен 3% -дан 10% -ға дейін көтерілу жағына қарай түзетілетін болады. Бұл шара жалпы экономикалық жағдайға, еңбек нарығындағы жағдайға, сондай-ақ өзге де жанама факторларға тікелей байланысты көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының өсу салдары болып табылады.
Біз бағаны барынша бәсекелі деңгейде ұстап отырмыз, осыған байланысты 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап жанармай үстемесі бойынша пайызды 25% -дан 10% -ға дейін төмендетеміз.
Біз қалыптасқан іскерлік қарым-қатынастардың сақталатынына сенеміз және өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына үміттенеміз.
Құрметпен,
КСЭ
Сұрақтарыңыз барма немесе көмек қажетпе?
Ақпаратты мына жерден таба аласыз «Сұрақтар мен жауаптар» , Онлайн чатта сұрақ қою немесе қоңырау шалу +7 (727) 364-77-64